Сәлем,
Сені осы жерден көргеніме қуаныштымын.
Жобаның пайда болу идеясы өте қарапайым: өзіме қызық болып көрінген көлемді журналистік мақалаларды бөлісу. Бұны бір кітабы да жоқ, жиындар да өтпейтін, менің пікірім де айтылмайтын кітап оқу клубы деп елестетші. Ешқандай алгоритмнің соңынан ермейміз. Әр сенбі сайын бір мақала жарияланады (ара-тұра сейсенбіде де шығып отырады). Таңғы сағат 06:00-да. Түрлі халықаралық басылымдардан алынған дүниелер. Жаңасы, соншалық жаңа емесі де, тіпті мұрағаттан алынған мақалалар да.
Дыбысталған нұсқасы да қоса беріледі. Қажет болып қалар деген оймен.
Ашығын айтайын, қазақ тілін енді ғана үйреніп жүрмін. Сондықтан бұл сайттағы мақалалар мен олардың ішіндегі суреттердің астына жазылған шағын деректер һәм осы хат та – айналама жиналған ұжымның аударып, редакциялап, корректорлық жасап шыққан дүниесі. Олар жайлы бар ақпаратты «Үлес қосқандар» деген бөлімнен қарап, мамандардың білікті екеніне көз жеткізе аласың.
Атауына келсем, qas деген кәдімгі «көздің үстіндегі сызық», яғни «қас» дегеннен шығады. Ағылшыншада «жоғарғы қас» (highbrow) деген «салмақты» дүниені, ал бұл сөздің «төменгі қас» (lowbrow) деген сыңары «болмашы» нәрсені сипаттайды. Бірақ көлемді журналистикалық мақалаларға бұл сипаттамаларды таңа алмайсың. Сонысын қашан да ерекше ұнатып келдім. Мейлі ол өнер жайлы не реалити шоу, тіпті жай ғана қалам туралы болса да, қай кезде де терең әрі қызық. Бұл сөздерді де өзің қалағандай пайымдап аларсың.
Айтқандай, өзге де дүниелер секілді, сайт атауынан да басқа астар тауып жатсаң, ол да — өз еркің.
Мен таңдаған мақалалар, сайттың түсі мен басқа да ұсақ-түйектің бәрі бірдей сенің көңіліңнен шығатынына кепіл бола алмаспын. Дегенмен, мына екі нәрсеге сенім артамын: мұнда журналистиканың ең үздік үлгілері жарияланады, ал әрбір мақалаға жаны ашитын команда мұқият аударып, саған ұсынады.
Ыстық ықыласпен,
Камиля
Бұл жобаны арғы әжем Кауһар мен нағашы әжем Галяға арнаймын.